Облыстың мәдени өмірі

  • 71.JPG
  • 160.JPG
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG

Донеділ Қажымов әндерін орындаушылардың
II Республикалық «Ақ Жайық - ару мекенім»
ән фестивалі өз мәресіне жетті.

     22 қараша күні қазақ драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Донеділ Қажымов әндерін орындаушылардың II Республикалық «Ақ Жайық - ару мекенім» атты екі кезеңнен тұратын ән фестивалінің жеңімпаз-жүлдегерлері  анықталып, гала-концерт өтті.

«Арайлы алтын күз»
мерекелік шара.

10 қараша күні 2017 ж.

     Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында, мүмкіндігі шектеулі «Бәйтерек» қоғамдық бірлестіктің тәрбиеленуші балаларына арналған, алтын күз мерекесіне орай «Арайлы алтын күз» атты мәдени шара өткізілді.
     Шараның мақсаты: табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту, берекелі күз мезгілі жайлы түсінік беру, ойлау қабілеттерін дамыту, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, мерекелік әндер шырқап балалардың көңіл-күйін көтеру.

«Балалар кітапханаларындағы V С.Я.Маршак поэзиясы күні» 
халықаралық акциясы.


27 қазан күні 2017 ж.

     Жылма-жыл әлем әдебиеті тарихында өздерінің өшпес іздерін қалдырған ақын-жазушылардың мерейтойлары, әрине, кітапхана қабырғасында атап өтіледі. Бұл мерейтой иелерінің қай-қайсысы да күні бүгінге дейін бүкіл адамзат баласы тамсана оқитын құнды дүниелер қалдырған. РФ Воронеж облыстық балалар кітапханасы ұйымдастырған атақты орыс ақыны С.Я.Маршактың 130 жылдығына арналған «Балалар кітапханаларындағы V С.Я.Маршак поэзиясы күні»  халықаралық акциясы  Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасындағы осы жылдың маңызды оқиғаларының бірінен саналады.
    Акцияның негізгі мақсаты – С.Я.Маршактың шығармашылық мұрасын танымал ету, халықаралық және аймақаралық ынтымақтастықты нығайту.

Орал қаласында Донеділ Қажымов әндерін орындаушылардың
II-ші Республикалық «Ақ Жайық - ару мекенім» 
ән фестивалі басталды

 
     Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Донеділ Қажымов әндерін орындаушылардың II-ші Республикалық «Ақ Жайық - ару мекенім» ән фестивалі басталды.
     БҚО әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының екінші рет ұйымдастырған ән фестиваліне Республикамыздың әрбір қаласынан, Батыс Қазақстан облыстарынан және Орал қаласынан 20 үміткер қатысуға тілек білдірді.

Құттықтаймыз!!!

     2017 жылдың 11-12 қараша күндері Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданында өткен домбырашы-ұстаз Мұхит Айтқалиевтің 90 жылдық мерей тойына арналған «Домбыра-достық үні» атты облыстық домбырашылар бауқауында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің артисі Берік Шаймарданов бақ сынап,  жүлделі үшінші орынға ие болды.

Қызылорда облыстық  филармониясының
«Сырдан ескен сазды әуен» атты ән кеші өтті.


     2 қараша күні Қазақ драма театрында Қызылорда және Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониялар арасындағы Меморандум аясында Қызылорда облыстық  филармониясының  «Сырдан ескен сазды әуен» атты ән кеші өткізілді. Концерттің мақсаты – филармониялар арасындағы шығармашылық тәжірибе алмасу және гастрольдік  ынтымақтастықты  нығайту, Қазақстан мәдениетінің музыкалық мұрасы мен  дәстүрлерін  сақтаудың, әлемдік және отандық  музыка  жауһарларын  дәріптеудің негізі  болып келеді.

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының
артистері қарттар үйіне концерт қойды.


     30 қазан күні «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы шеңберінде облыстық филармония артистері облыстық қарттар үйіне арнап «Қарияларымыз-қазыналарымыз» атты концерт қойды.