Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Жастар жылына орай «Цифрлық дәуір талабы – бәсекеге қабілетті заманауи маман»  жастар аймақтық   open talk-н ұйымдастырды. Шараға 30 шақты жұмыс түрі ұсынылып, 90-нан аса кітапхана мамандары қатысты.

рисунок

Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында «Жарқ етіп сөнген бір жұлдыз» ЖОБАСЫ аясында «БІРЕГЕЙ» атты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениет майталманы Мақсот Омарғалиевты еске алу кеші өтті.

рисунок

Халықтық театр мен көпшілік шаралардың режиссерлерінің «Кеңістік. Режиссура. Қолтаңба» аймақтық шеберлік сағатын арнайы Алматы қаласынан келген М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы режиссері Дина Жұмабай бастады. Шеберлік сағатына Атырау, Ақтау, Қызылорда, Ақтөбе, Орал қаласы және аудандарынан 25 маман қатысып отыр. Шығармашылық жұмыстарыңызға сәттілік!!!

рисунок

2019 жылдың 16 сәуір күні облыстық арнаулы кітапханада    «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы»  тақырыбында кездесу кеші өткізілді.  Шараға Батыс Қазақстан облыстық  дін басқармасының теолог маманы  Н.Убаев қатысты.

Режиссерлік жұмыс – белгілі бір көркем идеялық ойға құрылған, хореограф, суретші, сценаристердің шығармашылық еңбегі, эстетикалық тұрғысынан біріктірілген, біртұтас үлкен өнер туындысы. Осыған орай, мәдени іс-шаралардың идеялық мазмұнын бұқара халыққа жеткізу, кәсіби біліктілік, шеберлікті шыңдау, тәжірибе алмасу және заман талабына сай өзін-өзі дамыту форматын жаңарту мақсатында 2019 жылдың  сәуір айының 18-22 күндері облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен халықтық театрлары мен көпшілік шаралардың режиссерлеріне арналған «Кеңістік.Режиссура.Қолтаңба» аймақтық шеберлік сағаты өтеді.    

рисунок

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастырған 12 сәуір күні сағат 18.00-де Нұр Отан залында Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасындағы республикалық вокалистер конкурсының  марапаттау рәсімі және ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимованың «Көктем келді өлеңдетіп» атты концерті өтті.

рисунок

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен 11 сәуір күні сағат 15.00-де облыстық филармониясының концерт залында құдіретті музыка  әлеміне сүбелі үлес қосқан, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасындағы республикалық вокалистер конкурсының II кезеңі өтті.