Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Хамза Есенжанов – ұлы дала тұлғасы» атты «Хамзатану» ғылыми-зерттеу орталығының зерттеу жұмыстары бойынша  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Айтқали Нәріков, Мұрат Сабыр, Зейнолла Мүтиев, Давлетова Ұлбосын және  оқушылар мен студенттер қатысып,  «Ақ Жайық» трилогиясы бойынша зерттеулерін ұсынды.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы халықаралық балалар күніне орай, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бәйтерек» қоғамдық бірлестіктің қызметкерлерімен бірлесіп «Балалар –өмірдің гүлі» атты мерекелік ертеңгілікті қалалық демалыс саябағында  ұйымдастырды.

рисунок

2019 жылдың 29 мамыр күні Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен  «Қазақ соқырлар қоғамы» БҚО филиалы мен облыстық  зағип  және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолымен» жобасы аясында «Жаз, Балдәурен, Book friends» мерекелік шарасы  Ақсай қаласында жалғасын тапты. Шараға мүмкіндігі шектеулі жандармен сектордың оқырмандары және ата – аналары мен балалары қатысты.

рисунок

Орал қаласында өткен VІ республикалық «Жадыра, жас дарын!» фестиваль-конкурсында облыстық халық шығармашылығы орталығының үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблінің орта тобы /жетекшісі Р.Кужекешова/ ГРАН-ПРИ және кіші тобы І ОРЫН иеленді.

рисунок

Өнер және мәдениет қызметкерлері - халықтың асыл қазынасының шырағы. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін көтеру, мерейін асыру, рухани-мәдени жасампаздық бәсекелестікті арттыру және қол жеткізген мәдени жетістіктерге құрмет көрсету мақсатында 24 мамыр күні «Жайық жағалауында» мәдениет саласы қызметкерлеріне арналған «Mádenıet máńɡilik» мерекелік шара оздырылды.

рисунок

Нұр-Сұлтан қаласында өткен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің "Рухани қазына-2019" республикалық фестивалі өз мәресіне жетті. Аталмыш байқауда «Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана» номинациясы бойынша -  БҚО зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы және «Үздік аудандық маңызы бар мәдениет үйі» номинациясы бойынша «Бөрлі аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК жеңімпаз атанып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ДИПЛОМЫ және 1000 000 теңгенің СЕРТИФИКАТЫН иеленді!!! Ақжайық өңірі мәдениетінің өркендеуіне елеулі қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер. Жеңіс құтты болсын!