Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен «жеті ата» тегінің таратылу шежіресін тану мақсатында «Ұлттық сана - ұрпақ еншісі» этнопанорамасы өтті.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырған Атыраудың ару ақыны  Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, «Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер», Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты халық жазушысы, ақын   Фариза Оңғарсынованың  80 жылдығына арналған «Лирика әлемінің ханшайымы» атты   мектеп оқушылары арасында облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті.

рисунок

2019 жылдың 26 ақпан күні сағат 18.00-де «Нұр Отан» залында алты алашқа ән оздырған  Мұхит пен  Ғарифоллалардың ізін басып, өнерін дәріптеп жүрген, ерекше дауыс иесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, әнші-термеші Қайрат Какимовтың «Әсем әні асқақтап» атты концерті өтті. Кеште «Sarmad» этно-фольклорлық ансамблі /жетекшісі Б.Ақтаев/, Республикалық конкурстың лауреаттары Берік Амантаев, Данияр Елеуов және әке жолын қуған Бақтоты Какимова қатысып, өнерлерін көрерменге  тарту етті.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Integrity Shop» жобасы аясында адалдық дүкені ұйымдастырылды.

рисунок

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Віblіокеруен" атты жаңа кітапханалық жобаны таныстырды. Жобаның  мақсаты – мәдениет және өнер қызметкерлерінің біліктілігі пен шеберлігін арттыру, дүниетанымын кеңейту үшін кәсіби әдебиеттерді ұсыну арқылы    кітап  оқу мәртебесін  көтеру, біздің кітапхананың бай қорына қол жеткізу.

рисунок

2019 жылдың 22 ақпан күні  Бәйтерек ауданы Переметный ауылында Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен  «Қазақ соқырлар қоғамы» БҚО филиалы мен облыстық  зағип  және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолымен» жобасы аясында облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушыларының қатысуымен  «Жүректен жүрекке»  концерттік   бағдарламасы  өткізілді.

рисунок

21 ақпан күні облыстық  арнаулы  кітапхана  ұйымдастыруымен «Жалынды жастар» клубының кезекті отырысында Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Ауғанның отты жалыны» патриоттық кеші өткізілді.