Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

рисунок

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Батыс Қазақстан облысының экологиялық қауымдастығының мүшесі, оқытушы Ерлан Нағымұлы Хусаиновтың «Батыс Қазақстан облысының фаунасы және флорасы бойынша жануарлар мен өсімдіктер атауларының энциклопедиясы» оқу – әдістемелік көмекші құралының тұсау кесу кеші өтті.

рисунок

Қадыр Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығында белгілі өнер иесі, әнші-термеші Ұзақбай Сұлтанғалиевты еске алуға арналған «Торатбастың тортөбелі» атты әдеби-сазды кеш өтті.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Жастар және құқық мәдениеті» туралы дөңгелек үстел өтті. Шараға «Сервис және жаңа технологиялар» колледжінің студенттері, «Жас ұлан» ұйымының штаб көшбасшылары, №1,38,43 мектеп оқушылары, жергілікті полиция департаментінің өкілдері қатысты.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында  жас ақын, журналист, блогер Галина Самойлова – Манцеваның қатысуымен ақпарат сағаты өтті. Шараға қаламыздағы №8 мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Балалар шара барысында ақынға сұрақтар қойып, белсенділік  танытты.

рисунок

2019 жылдың 17 ақпан күні Жастар мәдениет үйінде ерекше дауыс иесі, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты Марат Сарбөпеевтің "Әндер мен жылдар" атты жеке шығармашылық кеші өтті.

рисунок

 «Тағылым тұмары» жаңа жобасымен халықтық «Ақжайық» би ансамблі кезекті іссапарымен Теректі ауданы Аңқаты ауылдық мәдениет үйінде өнер көрсетуде.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы, Жоғары аграрлық-техникалық колледжі, «Жас Отан ЖҚБҚО филиалының бірігіп ұйымдастыруымен Фариза Оңғарсынованың  80 жылдығына орай облыстық «Жыр-менің планетам» атты Фариза оқулары өтті. «Жыр-менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.