Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

03 05 19 news 19

Биылғы жылдың 1-мамыры күні Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, ақын Дариға Мұштанованың «Аңыз болған абысындар» драмасының премьерасы өтті. 

рисунок

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Жастар жылы аясында Халықаралық би күніне арналған 29 сәуір күні сағат 1.00-де Тұңғыш Президент алаңында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы би ұжымдарының «Биле, JASTYQ» кең ауқымды акциясы оздырылды.

рисунок

Талантты балаларды анықтау, өнер жолына  жол ашу, шығармашылық  қабілеттерін дамыту, жас талант иелерінің  есімдерін таныту мақсатында дәстүрлі облыстық «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық  шығармашылығы  орталығының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында   24 сәуір – танысу, 25 сәуір -  үміткерлерді  іріктеу кезеңі және жеңімпаздардың Гала концерті  өтті.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының, Құрмет орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 75 жылдық мерейтойына  арналған «Ақ Жайық сенсің әр кез сыйынарым» атты мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «ТМД кітаптар жылы» және «Қазақстандағы жастар жылы» аясында  Орал қаласының танымал ақын жазушыларының қатысуымен әдеби кеш өткізілді.

рисунок

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев А.Островский атындағы драма театрында 50 жылдан астам қызмет етіп жатқан театр майталманы Владимир Кравцовпен кездесті. Кездесуде еліміздің мәдениет, өнер саласының даму мәселелері талқыланды.