Облыстың мәдени өмірі
Қадыр орталығында «Жұлдызды отбасы» жобасы аясында «Өнердің қос қанаты» атты кеш өтті. Кеш иелері – Халықаралық, республикалық жыршы-термешілер конкурстарының лауреаты Фархат Оразов пен республикалық конкурстардың лауреаты Ақмарал Кемелханова.
Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Ал оны жасау, қамқорлыққа зәру жандардың жанашыры болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іс.
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының бұрынғы директоры Қуаныш Амандықов өз еркімен қызметінен кетуіне байланысты Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының директорының міндетін атқарушы болып Салтанат Абулгазиева тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев таныстырды.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры М.Жұбатов және кәсіподақ ұйымы 1 қазан Қариялар күнімен мәдениет саласы ардагерлерін құттықтап, облыс мәдениетінің гүлденуі және еліміздің игілігіне жұмсаған ерен еңбектері үшін шынайы алғыстарын білдірді.
26 қыркүйек күні Қадыр орталығында "Ұстаз ұлағаты" атты кеш өтті. "Елеулі есімдер" жобасының кейіпкері - еліміздің білімді жастарын тәрбиелеудің білікті маманы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, "Құрмет" орденінің иегері Нәсіпқали Дәулетұлы болды.
29 қыркүйек күні Ресей федерациясының Саратов облысы, Пугачев қаласында "Қазақ халқының ұлттық мәдениеті күні" тойланды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы, ҚР Мемлекеттік сыйлығы және «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған «ӨЛЕҢ-ӨМІР» әдеби-музыкалық релиз