Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

рисунок

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен 11 сәуір күні сағат 15.00-де облыстық филармониясының концерт залында құдіретті музыка  әлеміне сүбелі үлес қосқан, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасындағы республикалық вокалистер конкурсының II кезеңі өтті.

рисунок

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен 11 сәуір күні сағат 10.00-де облыстық филармониясының концерт залында құдіретті музыка  әлеміне сүбелі үлес қосқан, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасындағы ІІ республикалық вокалистер конкурсының I кезеңі өтті.

рисунок

2019 жылдың 16-сәуір сағат 11.00-де Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазандағы өз Жолдауында 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына орай, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында ұйымдастырылған «Музейстар-2019» атты жобасының кезекті қатысушысы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Білімді жастар – ел болашағы» көрмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

рисунок

12 сәуір күні сағат 10.00-де облыстық халық шығармашылығы орталығының мәжіліс залында Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында «Ұлы Дала өркениеті» тақырыбында жалпыхалықтық диктант оздырылды.

рисунок

2019 жылдың 10 сәуір күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Қанат Ахметовтың басқаруымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің «Ұлы дала шерткен сыр» атты концерттік бағдарламасы өтті.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Батыс Қазақстан облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясының, Орал қаласындағы Ресей Федерациясының бас консулдығы  және «Старый Уральскъ» ҚМАҚ – ның қолдауымен  біздің кітапханада жоғарғы сынып оқушыларына  «ТМД кітаптар жылына» орайластырылған «ТМД халықтарының әдебиет беттерінен»  зияткерлік ойыны өткізілді. Сонымен қатар ТМД елдерінің  ақын-жазушыларының шығармашылығына орай жазылған облыстық эссе конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

рисунок

4 сәуір күні  облыстық арнаулы кітапханасында Халықаралық балалар кітап күніне орай «Кітап арқылы әлемді танимыз» әдеби квест өткізілді.