Облыстың мәдени өмірі

  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG
  • 2018-01-09-005.JPG
  • 2018-01-09-006.JPG
  • 2018-01-09-007.JPG
  • 2018-01-09-008.JPG

рисунок

Ұлы даланың кіндігінде, ерке Есілдің жағасында бой түзеген әсем Астана - жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қалаға биыл 20 жыл толуына орай, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен  ү.ж. 10 қазан күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның үлкен залында «Арман қала –Астана!» әуесқой композиторлардың облыстық ән байқауы оздырылды.

рисунок

2018 жылдың 10 қазан күні облыстық арнаулы кітапханасында өлкеміздің тарихынан сыр шертетін  «Туған өлкем»  аудиожурналының тұсаукесері өткізілді.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында  Елбасымыздың  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Кітапхана директоры Звайда Бисенқызы Утешева отырысты аша отырып, Мемлекет басшысының жарияланған Жолдауы халық арасында үлкен қолдауға ие болып жатқанын айтты. Кітапхана қызметкерлері Елбасымыздың кезекті Жолдауы туралы өз пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.

12 10 18 news 1

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Рухани қазына» кіші бағдарлама аясында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, «КАЗИТУ» ғылыми-білім кешенінің басшысы, ғалым, академик  Айтимов Ақсерік Сарыұлымен  сыр – толғау өтті.

рисунок

Үстіміздегі жылдың 19 қыркүйек күні Орал қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті алаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы аясында облыс домбырашыларының «Нағыз қазақ  - домбыра» кең ауқымды акциясы өтті.

рисунок

Үстіміздегі жылдың 19-20 қыркүйек күні аралығында  қалалық Жастар мәдениет үйінде күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған  «Ұлы дала мұрасы» республикалық домбырашылар байқауы өтті.

Қыркүйек айында Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен, БҚО мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында қазақ халқының классик-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Жаһандану әлемі және Құрманғазы Сағырбайұлының мәңгілік мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда ғалымдар тарапынан күй атасының қайталанбас бітім-болмысы, күй өнері, ұлттық музыкалық мәдениет тарихындағы өнер иесінің шығармашылығы, тарихи тұлға ретінде зерттелу мәселелері талқыланды.