Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

14.12.2016

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайынов
аудандық мемлекеттік архив директорларымен кездесті.


      Кездесуде архив қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар кездесуде архив саласы бойынша жыл ішінде атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жылдағы міндеттер айқындалды.

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры  Серік Асылбековтың «Бір түнгі оқиға» драмасының премьерасын сахналады.  Қойылымның режиссері  - Мұрат Ахманов. Қоюшы суретшісі -  Мұрат Мәмбетов. 

 

БҚО бойынша мәдениет саласының дамуына  үлес қосқан

мәдениет қызметкерлерінің

МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАМЕН

марапатталуы туралы ақпарат

12.12.2016

   БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайынов  М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің магистрі, аға оқытушы, табиғи дарын иесі,  республикалық, халықаралық ақындар айтысының  жүлдегері Жансая Ғалымжанқызы Мусинаны қабылдады.

    Қабылдау кезінде басқарма басшысы Д.Құсайынов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай Мусина Жансаяға  өңір басшысы А.С.Көлгіновтың Алғыс хатын табыстады.

Балнұр АХМЕТ

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Батыс Қазақстан облы¬сы өнер шеберлерінің «Ақ ерке Ақжайықтан – арайлы Алматыға» атты концерті өтті. Ел Тәуелсіз¬дігінің 25 жылды¬ғына арналған сазды кеште ерліктері аңыз болған батырлар, дүлдүл дарабоз күйшілер, дауылпаз ақындар, күміс көмей әншілер туған қасиетті де киелі Ақжайық өңірінің өнер шебер¬лері Алматы жұртшы¬лығына күм¬бір¬леген күйлер мен тағылымды әндерді тарту етті. Азаттықпен бірге ұлттық рухымыз¬ды асқақ-татқан, мәде¬ниетімізді мәңгілік құндылыққа айналдырған егемен елдің Тәуелсіздік тойына арналған салтанатты кешке Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырық¬баев пен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Игорь Стексов қатысты. 

08.12.2016

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында
ҚРТәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Батыс Қазақстан облысы өнер шеберлерінің
«Ақ ерке Ақжайықтан – ару Алматыға» атты концерті өтті.

     Концертте: Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары және Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрлері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиев, ҚР Еңбек сіңірген артистері Жұмағаным Рахимова,  Қанатқали Қожақов, Сәуле Таудаева, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ермек Қазиев, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Жаскелең Ғайсағалиев, Марат Сарбөпеев, Жаңылсын Хасанова, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегерлері Майра Хайдарова, Камалиден Айтбаев және өзге де танымал әртістер өз өнерлерін  алматылық көрермен назарына ұсынды.