Облыстың мәдени өмірі

  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG
  • 2018-01-09-005.JPG
  • 2018-01-09-006.JPG
  • 2018-01-09-007.JPG
  • 2018-01-09-008.JPG

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының
«Нұрын шашқан Оңтүстік» атты ән кеші өтті.

 

   25 қазан күні «Нұр Отан» ғимаратының залында Ш.Қалдаяқов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық  филармониясының  және Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы арасындағы Меморандум аясында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық  филармониясының  «Нұрын шашқан Оңтүстік»  атты ән кеші өтті. Шәмшінің туған жерінен келген өнер иелерінің концертін тамашалауға жиналған халық көп болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Мақсот Омарғалиевті еске алу кеші өтті.

     24 қазан күні Батыс Қазақстан  облысының мәдениет саласына жарқын із қалдырған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кәсіби музыкант, әнші, режиссер Мақсот Омарғалиевті еске алу кеші өтті.  

 

Қазақ драма театрының кезекті жетістігі.

 

    21-24 қазан аралығында Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры  Македония мемлекеті Велес қаласында өткен «Стоби-2017» халықаралық театрлар фестивалінде Х.Мюллердің «Филоктет-Медея» қойылымымен қатысып, «Бас жүлдені»және де «Ең үздік ер адам бейнесі» аталымын - актер Салауат Түменов, «Ең үздік әйел адам бейнесі» аталымын - актриса Нұрлыгүл Жұбатова /Мәдениет саласының үздігі/жеңіп алды.
     Қойылымның режиссері - Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.
     Қойылымның суретшісі - Мұрат Мамбетов.
     25 қазан сағат 14.00-де Орал қаласында Автовокзалда қарсылау жоспарланған.

 

Тәрбие көзі – кітапхана. Ақыл ойдың алып кенішін қойнына сақтап келе жатырған Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Аталар сөзі» тақырыбында жаңа бастаманы қолға алды.  

Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ақын М.И.Цветаеваның 125 жылдығына арналған «Душа, не знающая меры» тақырыбындағы облыстық мәнерлеп оқу байқауы және ақын сөздеріне жазылған әндер (романстар) конкурсы ұйымдастырды.

Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының базасында өткен 
«Рухани жаңғырумен – жарқын болашаққа»  облыстық
тәжірибелік семинарының ақпараты

     Үстіміздегі жылдың 20 қазанында Теректі ауданында  Батыс  Қазақстан облыстық  мәдениет, архитер  және  құжаттама  басқармасының  қолдауымен,  облыстық  халық шығармашылығы орталығы, Теректі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі, аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында «Рухани жаңғырумен - жарқын болашаққа» облыстық-тәжірибелік семинары оздырылды.
     Семинардың  басты мақсаты  -  ауыл-аймақтардағы мәдени, рухани өмірді  жандандыру, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру, іс-тәжірибе алмасу, алдыңғы қатарлы технологияларды, инновацияны батыл игеру, кәсіби қарым-қатынастың көкжиегін кеңейту.
     Семинар қатысушылары Теректі ауданының әкімінің орынбасары А.Тоқжанов, мәдениет, өнер ұйымдары және тарихи-мәдени мұраларды сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру және талдау бөлімінің басшысы Г.Қауланова, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры м.а. Н.Бердашева, облыстық тілдерді дамыту және көрнекті ақпаратты бақылау ономастикалық бөлімінің басшысы Г. Әлжанова, Теректі аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы М.Ибраев, Теректі аудандық аурухананың педиатры М.Сапарова, сонымен қатар аудандық мәдениет бөлімінің басшылары, аудандық мәдени-демалыс орталығының директорлары, әдіскерлері, ауылдық  мәдениет үйлерінің  меңгерушілері  Достық үйі саябағындағы «Азат етуші жауынгер» «Қуғын-сүргін құрбандары» ескерткіштері мен «Тәуелсіздік»  монументіне гүл шоқтарын қойды. Достық үйі, балалар спорт мектебі, саз мектебі нысандарының жұмыс барысы көрсетілді. Одан әрі «Ұлы дала құндылықтары» жобасы аясында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Туған жердің  рухани  қазынасы» көрмесі ашылып,  Теректі ауданының Федоровка, Акжайық, Аңқаты, Покатиловка, Төңкеріс, Сарыөмір, Шағатай мәдениет үйлері, Ақсоғым, Ақсуат, Новопавловка мәдениет мекемелерінің қызметі бейнетаспа арқылы таныстырылып, кейін Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының жұмыстарына көңіл бөлінді.

17.10.2017

Ғарифолла Құрманғалиев атындағы  облыстық филармония артистері
«Ғасырлар сазы» атты концерт қойды.

     «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ғасырлар сазы» атты филармония артистерінің концерті өтті.
     Концерттің мақсаты - салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, салт-жоралғыларымыз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға, ұлттық мәдениетті терең тануға, оны насихаттауға, рухани жағынан өнерімізді таныту болып табылады.
     Концерт барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев, «Құрмет»  орденінің иегері Ермек Қазиев, ҚР еңбек сіңірген артисі Сәуле Таудаева, ҚР мәдениет қайраткері Сағадат Рахметжанов, Ә.Қашаубаев және Ғ.Құрманғалиев атындағы дәстүрлі әндер байқауларының лауреаты Серік Абдрахманов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дастан Есентеміров, Дәулеткерей оркестрі жанынан құрылған қобызшылар ансамблі, жетекшісі ҚР Мәдениет қайраткері Жамиля Нұрымбетова, Республикалық конкурстардың лауреаттары  Ернар Өмірәлі, Ақмарал Кемелханова, Фархат Оразов, Ақылбек Бектасов, Аңсар Бердіғалиев, Берік Шаймарданов, Назгүл Қабиеваның орындауында халық және қазақ композиторларының әндері мен күйлері  көрермен назарына ұсынылды.