Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

20.05.2016

21 мамыр мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай, облыстың мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет саласы қызметкерлері күніне орай БҚО әкімі А.С.Көлгіновтың Алғыс хатымен марапатталатын мәдениет және өнер қызметкерлерінің тізімі 

Аты- жөні, тегі

Атқаратын қызметі

 

1.      

Исламғалиев

АрмадЖұбайұлы

Орал қалалық  Жастар мәдениет үйінің әншісі

2.      

Джармұхамбетова

Айгүл Қайырқызы

Зеленов ауданы архивіның директоры

3.      

Дәулеткалиева

Айжан Қайратқызы

Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің басшысы

4.      

Жұмағазиева

Гүлжамал Ғұмарқызы

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінің директоры

5.      

Жұмалиева

Ақсұлу Отарбайқызы

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі

6.      

Cидорова

Наталья Михайловна

Жастар шығармашылығы орталығының әншісі

7.      

Орынғалиева

 Айгүл Шәмекейқызы

Облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы

8.      

Козеева

Людмила Леонидовна

А.Н.Островский атындағы драма театры директорының орынбасары

9.      

Шакелова

 Динара Сансызбайқызы

Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасының  өлкетану секторының библиографы

10.  

Редькина

Ольга Михайловна

Х.Есенжанов атындағы  облыстық  балалар және жасөспірімдер кітапханасының ғылыми-әдістеме бөлімінің кітапханашысы

 

Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталатын мәдениет қызметкерлерінің тізімі

Аты- жөні, тегі

Атқаратын қызметі

 

1

Ляляева

Тамара Александровна

 

Орал қалалық  орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №6 кітапхана филиалының меңгерушісі

2

 

Сабырғазиев

Ринат Ғизатұлы

Облыстық Қазақ драма театрының артисі

3

Орынбасаров

Ерұлан Ермекұлы

Облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы

4

Мықиев

Талғат Жұмабекұлы

Қадыр Мырза - Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының

маманы

5

Рамазанов

Серик Кішібекұлы

Облыстық тарих және археология орталығы директорының орынбасары

6

 

Юрченко

Марина Анатольевна

Облыстық камералық оркестрінің артисі

14.05.2016 

 «Адасқан махаббат» қойылымының премьерасы өтті.

 Облыстық қазақ драма театрында Талғат Теменов пен Софы Сматаевтың шығармасы бойынша қойылған «Адасқан махаббат» атты мұңды драмасының премьерасы өтті.

Қоюшы режиссері - Сұлтан Сраилов, суретшісі - Қайыр Оразғалиев, композиторы - Ербол Ақбасов.

«Бұл дүниеде әр нәрсе өзге бір нәрседен, соның ішінде мысалы әлсіздіктен жамандық туындап жатады. Назарыңызға ұсынылып отырған драмадағы жартылай жетім есірткі сатушы ұл – баянсыз махаббаттың жемісі.

Ол ұлдың анасының айықпас дертінде де, анасын құтқару үшін есірткі сатып тұтылған жас жігіттің тағдырында да махаббатты мансапқа тапатқан сатқындықтың айқын таңбасы тұр. Қоғамдағы көптеген келеңсіздіктерді бір оқиғаның басына әкеліп түйген бұл қойылым бүкіл қасіреттің кесірі – рухани тәрбиенің төмендігінде, - деп шырылдай жар салады».

13.05.2016

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық мәдениет және өнер орталығында, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында, 15 мамыр халықаралық отбасы күніне орай «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы - 2016» облыстық байқауы өткізілді. 

Байқаудың мақсаты – кітапты ерте жастан сүйіп оқыған бала ғана нағыз оқырман болып есептелетінін, бұл баланы отбасында кітап оқуға үйретудің ең қарапайым тәсілдерінің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдей түсу. 

Биыл бесінші жыл қатарынан өтіп отырған байқауға облысымыздың аудандарынан және Орал қаласынан 70-тен аса отбасы қатынасып, олардың ішінен ең озық деген 6 отбасы байқауға жолдама алған болатын. 

Бүгінгі байқауда солардың ішінен;

Орал қаласынан қатынасқан Алжановтар отбасы бас жүлдені иеленсе, 

Ақжайық ауданынан Қайырғожиндер отбасы бірінші орынға, 

Зеленов ауданынан Қалиевтер отбасымен Бөрлі ауданынан келген 

Бимағамбетовтер отбасы екінші орындарға, 

Казталов ауданынан Қажмуратовтар отбасымен Бөкейорда ауданынан келген Арыстановтар отбасы өзара үшінші орындарды бөлісті. 

Байқау барысында отбасының таныстыру анықтамасы электронды түрде көпшілік назарына ұсынылды. Отбасылар қазақ ертегісі немесе өздері ойдан құрастырған ертегіден көрініс көрсетіп, отбасы мүшелерінің сүйіп оқитын кітаптарынан көрме ұйымдастырды. 

Байқауға қатынасқан барлық отбасылар дипломдармен және заттай сыйлықтармен марапатталды.

Победители получили ценные призы, дипломы.

09.05.2016 ж.

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында жазушы Роллан Сейсенбаевтың «Майдан әндері» атты моноспектаклі Ұлы Жеңіс күніне орай көрермендерге  ұсынылды.

05.05.2016

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.А.Құсайынов 5-6 мамыр күндері басқармаға бағынысты мекеме, кәсіпорын ұжымдарымен кездесу өткізді.

Кездесуде ұжым қызметкерлерін мамыр айындағы жоспарлармен таныстырып, мерекелерімен құттықтады.

02.05.2016

Қазақтың тұңғыш кәсіби дирижері, домбырашы, КСРО және Қазақстан Халық әртісі, Құрманғазы оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, профессор Шамғон Қажығалиевті еске алу шарасына БҚО атынан облытық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.А.Құсайынов және Жастар шығармашылығы орталығының директоры М.Е.Қуанышев қатысты.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Мұқадес Есламғалиұлының 70 жылдығына арналған «Ел есінде - Мұқадес» атты облыс көлемінде өткізілген әдеби-мәдени іс-шараның ақпараты