Облыстың мәдени өмірі

  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG
  • 2018-01-09-005.JPG
  • 2018-01-09-006.JPG
  • 2018-01-09-007.JPG
  • 2018-01-09-008.JPG

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында танымал журналист, ақын, жазушы Мұнайдар Балмолданың қатысуымен «Балалар шығармашылығын дамыту - басты парыз» тақырыбында ақпарат сағаты өтті. Шараға қаламыздағы №38 мектептің 7 сынып оқушылары қатысты.

Ақжайық елінде ән мерекесі басталды.

 
    Бүгін «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Жаскелең Ғайсағалиевтың әндерін орындаушылар арасындағы аймақтық  «Ән – махаббат» атты  эстрадалық әншілер байқауы басталды.
     Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы ұйымдастырған аймақтық ән байқауына Республикамыздың Атырау, Ақтөбе қалаларынан, Батыс Қазақстан облысы аудандарынан және Орал қаласынан  29  үміткер бақ сынауда.

11.04.2018

 

«Жас ұрпақ оқуы – елдің интеллектуалды ресурсы»
облыстық креативті идеялар жәрмеңкесі.

                          
     Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған ел-туған жер» базалық бағытын жүзеге асыру аясында  жас кітапхана мамандарына арналған «Жас ұрпақ оқуы – елдің интеллектуалды ресурсы» облыстық креативті идеялар жәрмеңкесі өткізілді.
     Жәрмеңкеде жас кітапханашылар ұлттық сананың жаңғыруы жолында балалар кітапханасында атқарылатын жұмыстардан жаңаша бағыттағы 35 жұмыс ұсынылып, облысымыздың түкпір-түкпірінан 60-тан аса маман кәсіби дағдыларымен алмасып, жаңа бағыттағы жұмыс түрлері мен әдістерімен танысты.
     Жәрмеңке қорытындысы бойынша «Ең үздік креативті жоба» атағына Сырым ауданы, Аралтөбе ауылдық модельді кітапханасы, Казталов ауданы, Казталов аудандық модельді балалар кітапханасы, Орал қаласы №13 кітапхана филиалы, Орал қаласы №2 балалар кітапханасының филиалы,  Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар кітапханасының мамандары ие болды.

«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және
құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы»
тағайындау МКҚК директорын
Жұбатов Мәулет Өтемісұлы

     Жұбатов Мәулет Өтемісұлы 1984 жылы наурыз айының 17 күні Казталов ауданы Көктерек ауылында дүниеге келді. 2001-2005 ж.ж. «Мәдени демалыстарды ұйымдастыру жұмысы» мамандығы бойынша М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университетін аяқтады. 
     2006-2012 ж.ж. Теректі аудандық лингвистикалық гимназияның директорының оқу ісінің тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2012 жылы ақпан айынан Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының әдістеме бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарса, сол жылдың наурыз айында  мәдени-демалыс орталығының директоры қызметіне тағайындалды.
     Жалпы өтілі 11 жыл, мәдениет саласында еңбек өтілі 5 жыл.

 

Ұлы Отан соғысының қатысушысы және ардагері, жерлесіміз
 Иван Погодаевтың  еске алу кеші өтті.


      Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 5 сәуір күні А.Н.Островский атындағы орыс драма театрының залында Ұлы Отан соғысының қатысушысы және ардагері, жерлесіміз Иван Кондратьевич Погодаевтың  туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші болып өтті.
     Иван Кондратьевич биылғы жылы Ұлы Жеңістің жетпіс үш жылдығын тойлай алмаса да, оның ел үшін, бейбіт өмір үшін жасаған абыройлы еңбегі еш ұмытылмақ емес. Ол өктемі қатал әскери салаға берілген білікті маман ретінде бар саналы ғұмырын ел бейбітшілігі мен жарқын болашақ үшін арнаған. Туған жерінің ертеңіне алаңдап, өлшеусіз еңбек еткен «халық батырларын» бүгінгі өскелең ұрпақ үлгі тұтады. 

02.04.2018

 «Ең үздік оқырмандарын» марапаттау рәсімі.


     Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның кіші залында Халықаралық  балалар кітабы күніне орай кітапхананың «Ең үздік оқырмандарын» марапаттау рәсімі өтті.
     Мерекелік шарада оқырмандардың әр түрлі жас ерекшеліктері бойынша танылған жылдың «Ең үздік оқырмандарына» кітапханамен шығармашылық байланыстағы әр саланың  белді мамандары  дипломдар мен сыйлық  кітаптарды  табыстады. Қасиетті кітапты  болашақ өмірлеріне серік еткен оқырмандарға «Мектептен тыс жұмыс орталығының» өрендері өздерінің өнерлерімен қолдау көрсетті.

20 наурыз 2018 ж.

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты мектеп жасындағы ару қыздар арасында   ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге, оқушының білімділігін, көркем сөйлеу  мәнерін және ой ұшқырлығын  дамытуға бағытталған шығармашылық байқау өтті.