Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

26.07.2016

Қазақстанның Халық әртісі Құман Тастанбеков және  ҚР Еңбек сіңірген
әртісі,  «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешеваның Батыс Қазақстан
облысы бойынша гастрольдік сапары туралы ақпарат

                       
     2016 жылдың 21-25 шілде күндері Батыс Қазақстан облысының бірқатар  аудандарында (Жаңақала, Бөкей Ордасы, Жәнібек, Қазталов аудандары), сондай-ақ Орал қаласында Қазақстанның Халық әртісі Құман Тастанбеков және  ҚР Еңбек сіңірген әртісі,  «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешеваның гастрольдік сапары облыс жұртшылығымен кездесу кештері өтті.
     2016 жылдың 21 шілде күні облыстық жастар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы залында Қазақстанның Халық әртісі Құман Тастанбеков және ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешевамен «Мәңгілік махаббат жыры» атты кездесу кеші өтті.    

25.07.2016


Аполлинарий  Михайлович Васнецовтың 160-жылдығына арналған
«Орал суретшілір көзімен» атты Орал қаласының суретшілерінің жұмыс
көрмесі


         Аполлинарий  Михайлович Васнецов – орыс суретшісі, сурет өнерінің майталманы, өнертанушы, өнер тарихында өз қолтаңбасымен қалған  ұлы орыс суретші  Виктор Васнецовтың ағасы.
         25 шілде күні Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында  ежелгі  Мәскеуді  тарихи-тұрмыстық  жанрда бейнелеген А.Васнецовтың 160-жылдығына арналған Орал қаласының суретшілерінің жұмыстары бойынша көрменің ашылуы өтеді.      

08. 07. 2016

«Озық тәжірибе – көпке ортақ»

облыстық тәжірибелік семинар-кеңесінің ақпараты

07.07.2016

 

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

     БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.А.Құсайыновтың бұйрығымен «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер  және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары болып Сабирова Нұргүл Нұрхатқызы тағайындалды.

 

 

06.07.2016

 

Облыс əкімі айтыскер ақынды қабылдады

     Облыс әкімі айтыскер, ақын Бауыржан Ширмединұлын қабылдап, Астана күніне арналған айтыстан ұтқан бас жүлдесімен құттықтап, өнерге қосып жүрген үлесіне ризашылығын білдірді.

      Бауыржан Ширмединұлы 1992 жылы 30 шілдеде Сырым ауданы, Өлеңті ауылында дүниеге келген. 

    Ақын, айтыскер. Поэзия мен айтыс өнеріне 2012 жылдан бері танымал. Осы жылы ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Менің Рәміздерім – ұлтымның мақтанышы!» атты облыстық жазба ақындар мүшайрасында І орын иегері атанып, үлкен өнерге тұсауы кесілді. 

     Бауыржан – М. Өтемісов атындағы БҚМУ университетінің 80 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшайрасының, Ж.Досмұхамедовтың 125 жылдығына арналған республикалық «Ардақтысы Алаштың» атты ақындар мүшайрасының жеңімпазы. «Облыс ақыны» атағының иегері, облыстық, аймақтық ақындар айтысының жүлдегері.       

06.07.2016


«Мерейлі отбасы-2016» байқауын қолдау


      Облыстық Қазақ драма театрында «Мерейлі отбасы-2016» байқауының жеңімпаздары таңдалды.
      Бірінші орын алған отбасы осы жылдың қыркүйек айында өтетін республикалық кезеңдегі Ұлттық жарысқа қатысады.    

05.07.2016

«Мерейлі отбасы-2016» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі туралы
АНЫҚТАМА


     «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкімін іске асыру мақсатында, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына сәйкес «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру туралы Батыс Қазақстан облыс  әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 102 қаулысы қабылданды.