Облыстың мәдени өмірі

  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG
  • 2018-01-09-005.JPG
  • 2018-01-09-006.JPG
  • 2018-01-09-007.JPG
  • 2018-01-09-008.JPG

 

Биыл Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жариялаған болатын.  15 наурыз күні Астана қаласында  Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтіп, Қазақстан мен Өзбекстан басшылары Қазақстандағы Өзбекстан жылын ресми түрде бекітті. Кездесу барысында екі елдің қатынастарындағы басты салалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселесі сөз болды.

«Ғасырлар сазы» атты филармония артистерінің
дәстүрлі ән-күй  кеші өтті.

     Көктемнің шуақты күндері жүрегімізге жылылық, көңілімізге шаттық сыйлап қана қоймай, салт-дәстүрімізді келешек ұрпаққа дәріптейтін, атадан балаға мұра болып қалатын мерекелермен ерекшеленеді. Соның бірі еліміздің Батыс өңірінде ғана жыл сайын аталып өтетін -Көрісу дәстүрі. Әз Наурыз мейрамына  дейін  Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Осы орайда, 14 наурыз  күні филармонияның концерт залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, салт-жоралғыларымыз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға, ұлттық мәдениетті терең тануға, оны насихаттауға, рухани жағынан өнерімізді таныту  мақсатында «Ғасырлар сазы» атты филармония артистерінің дәстүрлі ән-күй  кеші өткізілді.

«Миллион раушан гүлі...»

 

     БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 7 наурыз күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының залында   8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Миллион раушан гүлі...» атты сазды мерекелік концерт өтті. Мерекелік кешке облыс әкімі бастаған бірқатар азаматтар және зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері және ардагерлері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында облыс әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов сөз сөйлеп, залдағы барша  әйел затын айтулы мерекелерімен құттықтады.

Батыс Қазақстан облыстық клиникалық аурухананың қызметкерлеріне
арнап филармония артистері концерт қойды.

 

     БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев  «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының М.Мәметованың мемориалдық музейі» МКҚК директоры Светлана Саржанқызы Бектенованың 60 жасқа толуына орай құттықтады.

 

 

1 наурыз – Алғыс айту күні тойланды.

 

     Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған,  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара бүгін қаламыздағы жаңа алаңда ұйымдастырлды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы қатысып, барша қала тұрғындарын Алғыс айту мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ облыс әкімі атынан  әртүрлі сала өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді.
     Аталмыш мерекелік шарада Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының «Назерке» халық биі ансамблі және артистері, Этно мәдени орталықтардың өнерпаздары және қаламыздың жас талантты әншілері өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңікі көңіл-күй сыйлады.