Облыстың мәдени өмірі

  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG
  • 2018-01-09-005.JPG
  • 2018-01-09-006.JPG
  • 2018-01-09-007.JPG
  • 2018-01-09-008.JPG

06.07.2017


Астана күніне арналған «Жайнай бер, жарқырай бер, жас Астана»!»
атты мерекелік концерт өтті.


    Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында елордамыз - Астана күні мерекесіне орай «Жайнай бер, жарқырай бер, жас Астана»!» атты мерекелік концерт Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өтті. Шараға Орал қаласының әкімі Мұқаев Мұрат Рахметұлы қатысып, жерлестерімізді мерекемен құттықтады.
     Мерекелік концерттік бағдарламаға  «Ән қанатында» ВАА,«Ақжайық» және «Назерке» халық биі және «Қызғалдақтар» би ансамбльдері, БҚО Ішкі істер департаментінің хоры /жетекшісі Ақмарал Ахметова/,№1 балалар саз мектебінің оқушылары сынды белгілі ұжымдар қатысты.     

24.06.2017


     Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Халық Қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған «Қазақтың батыр арулары» мүсіндік композициясының ашылуы өтті.
      Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов, ҰОС-ның және тыл ардагерлері, қала тұрғындары қатысты.    

21-24.06.2017



     Астана қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына БҚО делегациясының құрамымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы қатысты.


               

22.06.2017

Қазақстан Республикасының Халық артисі, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтың әндерін орындаушылардың IХ Халықаралық «Атамекен» ән фестивалі жеңімпаздарының марапаттау рәсімі мен Гала концерті болып өтті. 

 

        Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы Италия елінің Сан-Ремо қаласында өткен «San-Remo junior» фестивалінің лауреаты, I орын иегері, жас талант Максим Ержанды және ұстазы Дария Бақытованы қабылдады.

 

               

 

     Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы Талдықорған қаласында өткен «Рухани жаңғыруға – жастық жігермен» республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері, ақын Мирланов Мұрадымды қабылдады.
      Басқарманың Алғыс хатын табыстады.

01.06.2017

2017 жылғы 2 маусымда сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін (Астана уақытымен)Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері  бойынша интернет-конференция өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.