Облыстың мәдени өмірі

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

рисунок

2019 жылдың 19 наурыз күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі, ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимованың 65 жасқа толу  мерейтойына орай Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Қадырұлы арнайы қабылдап, ізгі тілегін айтып, құттықтады.

рисунок

Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Республикалық «Үздік кәсіпкер әйел» номинациясының иегері, «Мария ханым» сән үйінің Бас директоры Мария Хұспановамен «Еңбекпен өрілген өмір» атты кездесу кеші өтті.

рисунок

Хадиша театрының ұжымы халықаралық театр күнін мерекелік концертпен ашты. «Дала рухы» композициясымен басталған шара облысымыздың мәдени мекемелерінің , алыс-жақын өңірлердегі театр ұжымдарының құттықтауларына ұласты.

рисунок

Тамырын тереңнен тартқан Наурыз мерекесі - күн мен түннің теңелетін, қыс бойы қар құрсауында болған тіршіліктің оянып, жер мен көктің жаңарып, қазақ халқы үшін тепе-теңдік, игілік пен жаңару нышаны. 21 наурыз күні Тұңғыш Президент алаңында «Бақ, береке Наурызым»  театрландырылған  көрінісі облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастырумен оздырылды.

рисунок

2019 жылғы 19 наурыз күні қаламыздағы Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Көктемдей сұлу дүние» атты ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова мен облыстық камералық оркестрдың бірлескен концерті болып өтті.

рисунок

2019 жылдың 19 наурыз күні  Наурыз мерекесі қарсаңында «Рухани жаңғыру» музейінде «Қош келдің, әз - Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті.

рисунок

Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының көрме залында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Ақжайық ауданының сурет және қолөнер шеберлерінің  көрмесі өтті.