Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-2 шешімі


273.001 «Жергілікті деңгейде мәдениет және архив ісін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы - 63 053,0 мың теңге.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - Мәдениет  және архив саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

273.005 «Мәдени-демалыс жұмысын  қолдау» бюджеттік бағдарламасы - 297 223,0 мың теңге.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - Облыстық аймақтық байқаулар, фестивалдер, ұлттық мейрамдар, мерейтойлық шаралар, Қазақстанның ұлттық тарихи-мәдени құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау, жас таланттарды анықтау, шығармашыл ұжымдардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында әлеуметтік маңызды мәдени шараларды дайындау және өткізу;
Облыстық халық шығармашылығы , жастар шығармашылығы  және облыстық мәдениет және өнер орталықтарына бюджеттік субсидий бөлу арқылы тұрғындардың мәдени-демалыс шараларына қол жетімділігін қамтамасыз ету;

273.007 «Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған   қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы - 343 232,0 мың теңге.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - Облыстық тарихи-өлкетану музейі, М.Мәметова атындағы, М.Шолохов атындағы  Мемориалдық мұражайлар,  Бөрлі өлкетану музейі, В.И.Чапаев атындағы Ақжайық мемориалдық мұражайы, Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешенікәсіпорындарына бюджеттік субсидий бөлу арқылы  және Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы мен  Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы арқылы  тарихи-мәдени құндылықтарды зерттеуді, пайдалануды, қайта жаңғыртуды, жинақтауды, есептеуді, сақтауды  сонымен қатар экспедициялар мен ғылыми іссапарларды  үйымдастыру. Тарих және мәдениет, табиғат ескерткіштерін жарыққа шығару, жинақтау, сақтау, зерттеу және насихаттау, музей қорларын азаматтардың рухани қызығушылықтарына, өлкетануды насихататуға және танымал етуге, тұрғындардың демалысын ұйымдастыруға, ғылыми және әдістемелік қызметті жүзеге асыруға  пайдалану.Тарих және мәдениет ескерткіштерін  зерделеу, далалық және ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, Қазақстанның мәдени мұраларын насихаттау.

273.008  «Театр және музыка өнерін қолдау» бюджеттік бағдарламасы - 541 014,0 мың теңге.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - Тұрғындардың барлық топтарына театралдық-концерттік шаралардың жалпы қолжетімді болуын қамтамасыз ете отырып, оларды облыстық театралдық-концерттік ұйымдар арқылы (Қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театр, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония,Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының «Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі») субсидии беріліп мәдени өмір жүйесіне тарту мақсатында қызметтер ұсыну.

273.009 «Облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы - 211 986,0 мың теңге.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - Оқырмандарды кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қамтамасыздандыруды жүзеге асыру.

273.010 «Архив  қорының сақталуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы - 111 661,0 мың теңге.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - Басқару және жеке құрам бойынша  құжаттамаларды, НТД және басқа да тасығыштағы құжаттарды мемлекеттік сақтауға алу;
- Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басқару және жеке құрам бойынша  құжаттамаларын ЭКП арқылы тізімдеу, НТД және басқа да тасығыштағы құжаттар тізімдемесін жасау;
 -Заңды және жеке тұлғалардың сұраныстарын орындау;
- Облыс тарихы бойынша шетелдегі мұрағаттық құжаттамаларды анықтау, жинақтау және көшірмесін қайтару;
-Басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп мұрағаттық іс және іс жүргізудің мемлекеттік жүйесін дамытып, жетілдіріп, электрондық құжат айналымын енгізу.
Басқару және жеке құрам бойынша  құжаттамаларды, НТД және басқа да тасығыштағы құжаттарды мемлекеттік сақтауға алу;
- Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басқару және жеке құрам бойынша  құжаттамаларын ЭКП арқылы тізімдеу, НТД және басқа да тасығыштағы құжаттар тізімдемесін жасау;
 -Заңды және жеке тұлғалардың сұраныстарын орындау;
- Облыс тарихы бойынша шетелдегі мұрағаттық құжаттамаларды анықтау, жинақтау және көшірмесін қайтару;

273.032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және  ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы - 15 335,0 мың теңге.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың материалдық базасын нығайту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.