рисунок

2018 жылдың 14 желтоқсан күні  Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласын насихаттау мақсатында облыстық арнаулы кітапханада  «Не?Қайда?Қашан?» екінші қысқы зияткерлер ойыны өткізілді.

12 12 18 news 1

Өткен аптаны  театрсүйер қауым Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында түйіндеді. Премьера - «қазақ поэзиясының Хантәңірі» атанған әйгілі М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» драмасы.

рисунок

Үстіміздегі жылдың 10 желтоқсан күні сағат 17.00-де  Х.Бөкеева атындағы  облыстық қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының қолдауымен,облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен көрнекті ақын, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» орденінің иегері Тайыр Жароковтың 110 жылдығына арналған «Тарлан талант» поэзиялық кеші оздырылды.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының «Кітап» университеті сабағының қонағы болып Зерде бұзылыстары бұзылған №15 арнайы  мектеп-интернаттың  директоры Абдрахманов Бауыржан Байғалиұлы қатысты.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында зерттеу жұмыстарын жетілдіру, мәдени-тарихи танымды қалыптастыру, атадан-балаға мирас боп келген рухани құндылықтарымызды зерделеу мақсатында «Өлке көкжиегі: инновация және тәжірибе» библиомарафоны ұйымдастырылды.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Балдырған» журналының 60 жылдығына орай «Баршаға бауырмал Балдырған» атты әдеби фестивалі өткізілді.

рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы балалар әдебиетінің классигі, көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаевтың 95 жылдығына орай, бастауыш сынып оқушылары арасында облыстық мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Екі кезеңмен өткен мәнерлеп оқу байқауына 136 оқушы қатысып, оның 41 финалға іріктелді.