Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиевтің бұйрығымен 2018 жылдың 18 қаңтарынан бастап "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жалпы мәселелер бойынша директордың орынбасары лауазымына Мерғалиев Медет Рысқалиұлы тағайындалды.


Мерғалиев Медет Рысқалиұлы 1984 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қоныс ауылында  дүниеге келген.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы – «Мәдени-тынығу жұмысы».
2004-2005  жылдары  Ж.Досмұхамедов атындағы  педагогикалық колледжінде жастар ісі жөніндегі жұмыстарды жүргізудің төрағасы және мұғалім қызметі;
2005-2015  жылдары  Жастар мәдениет үйінде үйірме жетекшісі қызметі;
2015-2016 жылдары  БҚО Зеленов ауданы, Мичурин ауылдық клубының жетекшісі;
2016 жылдың наурыз айынан бастап күні бүгінге дейін  Орал қалалық Мәдениет және тілдерді  дамыту  бөлімінің «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК директорының орынбасары қызметін атқарған.
Отбасылы, жолдасы, 2 ұлы бар.