Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиевтің бұйрығымен 2018 жылдың 18 қаңтарынан бастап "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының шығармашылық жұмыстары бойынша директордың орынбасары Рахметов Абдул Ғабитұлы тағайындалды.

Рахметов Абдул Ғабитұлы 1986 жылы 15 сәуір  айында Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы Көпжасар ауылында дүниеге келген.
М. Өтемісов атындағы БҚМУ «Мәдениет және өнер» институтын «Мәдени демалыс жұмысын ұйымдастырушы» мамандығы бойынша тәмәмдады.
2008 жылы  Бөрлі ауданы Ақсай қалалық №4 ЖББОМ ұйымдастырушы - педагог;
2009 жылы Бөрлі аудандық Мектептен тыс жұмыс орталығында «Халық тағлымы» үйірмесінің жетекшісі және директордың орынбасары;
2010-2012 жылдары Орал қалалық мәдени ағарту бірлестігінде  әдіскер;
2013 жылы Аксай мәдениет үйінің директоры қызметі;
2014 жылы  Бөрлі аудандық демалу орталығында директорының орынбасары қызметі;
2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Бөрлі аудандық демалу орталығында директор қызметін атқарып келген.