2018 жылдың 1 ақпанынан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сагидоллин Арман Рахметоллаұлы 1988 жылы маусым айының 26 күні БҚО Қаратөбе ауданында дүниеге келген;
Ұлты қазақ;
Қазақстан Республикасының азаматы;
Отбасылы 2 ұл, 1 қызы бар;
Білімі жоғары;

2005-2010 жж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәдини демалыс жұмысы» мамандығы бойынша тәмәмдаған;
Еңбек жолы:
2010–2011 жж. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда концерттік бағдарламаларды жүргізуші;
2012-2013 жж. Зеленов аудандық мәдениет үйінде концерттік бағдарламаларды ұйымдастырушы;
2013-2015 жж. Зеленов аудандық мәдениет үйінің директоры;
2015-2016 жж. Калинин «Достық-Дружба» мәдениет үйінің директоры;
2016-2017 жж. Зеленов аудандық мәдени-демалыс орталығы басшысының шығармашылық бөлімі бойынша орынбасары;
2017 жылдың 12 қазанынан – Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығының өнертанушы қызметін, оған қоса директордың шығармашылық ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы қызметін атқарып келді.
2017 жылдың 8 қарашасынан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы директорының шығармашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.