рисунок

26 қазан күні  облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Қазақстан Жазушылар және Журналистер  одағының   мүшесі,  Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығының лауреаты,    қазақ әдебиеті мен   журналистика саласында  өз қолтанбасын қалдырған   ақын, журналист  Ғайсағали    Сейтақпен   «Өлеңмен  өрген өмірін...»  атты кездесу кеш өткізілді. Шараға кітапхана оқырмандары, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы  «Ақын үні жырында» атты кітап көрмесі жасақталды. Шара барысында кеш қонағы оқырмандарға өзінің шығармашылығымен бөлісіп, оқырмандар тарапының қойылған сұрақтарға жауап беріп, төл туындыларын оқиды.

Сонымен бірге «Жырға ғашық жүрекпен...» атты әдеби композициясында, ақын өлендерің кітапхана оқырмандары, М. Өтемісов атындағы БҚМУ, Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университет студенттері оқыды. Кеш соңында, ақын Ғайсағали Сейтақ кітапханаға  «Қасиет қонған қара жер»  кітабын кітапханаға тарту етті.     

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок