рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында  «Бір ел- бір кітап» акциясы бойынша «Дара тұлғалардан қалған мол мұра» атты облыстық жас иллюстраторлар байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың қортындысы бойынша 1 орын №6 мектептің 10 сынып оқушысы Быданов Никита, 2 орын Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының
9 сынып оқушысы Аманова Кәмила, 3 орын №43 мектептің 9 сынып оқушысы Амангельдиева Индира жеңіп алды. «Кескіндеме» номинациясы бойынша Сырым ауданының Бұлан орта мектебінің 9 сынып оқушысы Амангелдина Айнұр.

«Композициялық көркемдеу» номинациясымен Ақсай қаласының 7 сынып оқушысы Избасарова Аружан, «Графикалық композициялық идея» номинациясымен Амиров Алиби, «Техникалық орындау» номинациясымен Зеленов ауданының Достық ауылының 7 сынып оқушысы Тұрынғалиева Гүлназ жеңіп алды. Байқауға қатысқан барлық оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

рисунокрисунок