рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Менің сайын далам!» атты ақын Т. Жароковтың 110 жылдығына арналған поэтикалық кешке  ақынның талантына бас иген әр түрлі жастағы оқырмандар бас қосты.

№17, №16, №8 мектептің оқушылары, журналистер және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары ақынның түрлі тақырыптағы өлеңдерін оқып, шығармашылығы жайында әңгіме өрбітті. Поэтикалық кештің қатысушыларының назарына көлемді кітап көрмесі және ақын Тайыр Жароковтың сөзіне жазылған «Сайра бұлбұл» әнінің бейнебаяны ұсынылды.

рисунокрисунок