12 12 18 news 1

Өткен аптаны  театрсүйер қауым Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында түйіндеді. Премьера - «қазақ поэзиясының Хантәңірі» атанған әйгілі М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» драмасы.

Премьераның  сахналаушы -  театрдың бас режиссері Самал Қадерұлы Әбуов. «Қош, махаббат» драмасы арқылы Мұқаңдай мұзбалақ ақын халқымен қайыра бір қауышты деуге болады. Шайырдың «Ақ қайың» деп аталатын поэмасының желісінде жазылып, көзі тірісінде сахналанып үлгермеген,  бүгінде республикамыздың маңдайалды театрларының репертуарынан бірнеше жыл бойы үзіліссіз тұрақты орын алып келе жатқан пьесаны Жайық жерінде тамашалаушылардың қатары көп болды. Әсіресе, жалындаған студенттік  шақтың сәттеріне құрылған туынды  жастардың қабылдауы ерекше болды. Арам пиғылмен кез келгеннің санасын жаулайтұғын Сәлиманы, махаббаттың бағасы байлықта емесін ұғынған тәкаппар Айшаны, өз бағы үшін ештеңеден тайынбайтын Асанды, шын сүйем деп, сүрінген сезімтал Бағдатты сомдаған Әйгерім Сағаденова, Ақжол Ихсан, Аманжол Сатқанбаев  сынды театр әртістеріне көрермен қауым дән риза.  

Х.Бөкеева атындағы театрдың, өзінің ширекғасырлық мерейтойы қарсаңында, репертуарын Мұқағали Мақатаевтай ақиық ақынның драмалық туындысымен толықтыруы – үлкен мәдени оқиға болды.