рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Елбасының  «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи-танымдық еңбегіне орай тарихи сананы қалыптастыра отырып, мемлекетшіл сананы орнықтыруға арналған тақырыбында танымдық жиын өтті.

 Ұлттық кодымызды жандандыруға арналған мазмұнды шараға ұлт жанашырлары мен ел ағалары, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің ф.ғ.к, доцент З.Ж.Мүтиев, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқу-өндірістік  жұмыстары бойынша  директордың орынбасары М.С.Мұқашев, еңбек ардагері М.И.Айташев, Подстепное жалпы білім беретін  мектебінің бейнелеу және сызу пәнінің ұстазы М.И.Аққожин, ұлттық спорт түрлері бойынша ат спорты  мектебінің бапкер – жаттықтырушылары - А.Б.Сарсенов, А.С.Мендіғалиев, М.Ф.Жеңісов қатысып, ат мәдениетіне қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп, қазіргі уақыт көшінен қалмай, алға ұмтылуға, дүниеге келгеннен бастап ат жалын  тартып мінген ата-бабамыздың тарихынан өнеге алуға шақырды.

рисунокрисунок