рисунок

Х. Бөкеева атындағы БҚО қа зақ драма театры тәуелсіз Қазақстанда салынған тұңғыш  театр саналады. 1993 жылдың 16 желтоқсанында М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясымен ашылған ұжым өткен аптада  өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Театр мерейтойы режиссер  С.Абуовтың  «Театр. Тарих. Тағылым» атты жинағының тұсаукесерімен ашылды.

Орал театрының ашылуы өлкеміздегі іргелі оқу орындарынан «Мәдениет және өнер», «Режиссер» факультеттерінің ашылуына мұрындық болғаны белгілі. Бүгінде театрдың негізін құрап отырған  жергілікті оқу орнының түлектері- Қ.Амандықов, Н.Жұбатова,Т.Жігеров, Х.Шамелова, А.Жарылғапов, Э.Макашева, Ж.Құрманғалиевалар театрдың өркендеуіне өз үлестерін қосуда.Осы түлектердің бірі  кітаптың авторы – Самал Қадерұлы Абуов.  Театрдың іргетасын қалап, шаңырағын көтерген алдыңғы буынның көрнекті өкілдері, олардың ерен еңбектері қамтылған жинақты  «театр жылнамасы» деп санасақ та болады. Кітаптың тұсаукесер рәсімін  Орал театрының алғашқы әртістері, Алматыдан арнайы келген театр өнерінің жарық жұлдыздары - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, доцент М. Ахманов пен Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Г.Жақыпова жасады.

Хадиша театрының ширек ғасырлық мерейтойына бұлардан өзге де келген мәртебелі меймандар  аз болған жоқ: М.Ноянбайұлының зайыбы, Орал театрын алғашқы құрысқан тұлғалардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Х.Нұғманова; Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері М.Өтекешова; театрымыздың тағы бір түлегі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстан театрлар қауымдастығының вице-президенті А. Маемиров, Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры А.Сексенбаев, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кино және театр әртісі А.Сатыбалды, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кино және театр әртісі Б.Айтжанов, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры Н.Қадірбаев т.б.

 С.Қажымұратов, Н.Жұбатова, Х.Шамелова, Т.Жігеров, Ж.Құрманғалиева, А.Құсайынова, А.Жарылғапов, Е.Есендосова, Н.Сейітмаханбетов, Д.Омаровтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының Алғыс хатымен марапатталды.

 Г.Шынтемір, Ә.Мәмбетова, С.Абуов, А.Қайырова, А.Жакин, Д.Хамитов, Н.Сәдір, Ж.Адилова, А.Кладко, М.Мусиндерге облыс әкімі А.Көлгіновтың  алғыс хатымен марапатталды.

 Қ.Төлеуішев,Қ.Асқарова,Т.Матаев,Э.Мақашева,Е.Қажымов, Ж.Тукжанова, Г.Галиақбаровалар   Қазақстандық «Салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы»  төсбелгісімен марапаттады.

Ш.Қожанбергенов, Ж.Заев, Л.Демесинова, К.Нұрғалиева, Э.Исағалиева, А.Кабушев, Е.Кузнецовалар Алматы қаласының «Талантты тану» орталығының «Мәдениет Майталманы» төсбелгісімен  марапатталды.

А.Вахитова, А.Амандықова, Н.Шадыева, Ж.Жұбатов,Н.Батанова, Ә.Сағаденова, М.Мамбетовтар Алматы қаласының «Талантты тану» орталығының «Өнер саласының үздігі» төсбелгісімен  марапатталды.

Ж.Мамедова, С.Түменов, А.Сатқанбаев, Р.Ермек, А.Райымбаева,А.Довгань, М.Ғабдоловалар БҚО мәдениет басқармасының Алғыс хатына ие болды.

А Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры А.Сексенбаев , Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры Н.Қадірбаев  және Хадиша театрының директоры Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры Қ.Амандықовтың атынан театр қызметкерлері Ғ.Есқақов, Н.Абулхаликова, А.Сатқанова, А.Кабдрашева, Ә.Байшашаков, А.Ищанова, Д.Шакаева, А.Тағберлиева, А.Шакаева, Р.Болатова, Н.Мухамбетьярова, М.Темешов, З.Жанғалиева, С.Раинский, М.Шайдиевалар театр директоры Қ.Амандықовтың атынан алғыс хаттарға ие болды.

Мерейтойдың тағы бір мәнді шарасы театр музейінің ашылуы болды. Музейде 1934 жылы ашылған қазақ музыкалық драма театрының қызметкерлерінен бастап театр тарихынан сыр шертетін құнды мәліметтер, фотосуреттер, афишалар, костюмдер мен декорациялар, өнер ұжымы есімін иеленген ССРО Халық әртісі Х.Бөкееваның жеке заттары мен сахналық киімдері қойылған экспозиция және театрдың республикалық және халықаралық конкурста алған жүлделі сыйлықтары жинастырылған. Музей қоры болашақта толыға түспек.

25 жылдық  мерейтой театр әртістері мен облысымыздың мәдени ұжымдарының біріккен концертімен тәмамдалды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок