рисунок

1 наурыз күні Алғыс айту күніне орай облыстық арнаулы кітапханаcының ұйымдастыруымен «Мен алғыс айтамын...» атты мейірімділік акциясы өткізілді. Акцияға кітапхана оқырмандары,  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – технологиялық университетінің студенттері қатысты.

Акция мақсаты - Алғыс күннің маңыздылығын түсіндіру, егде жастағы адамдарға қамқорлық көрсету, жақсылық  және қайырымдылық  жасауға шақыру.

Акция  «Алғыс жылы жүректен!» әдеби композициясымен басталып, кітапхана оқырмандары, студенттер және кітапхана қызметкерлері ата –аналарына, достарына, ұзтаздарына, әріптестеріне шын жүректен алғыстарын білдірді. Студенттердің орындауында өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.

рисунок