рисунок

2019 жылдың 5 наурыз күні облыстық арнаулы кітапханасында «Сырласу»  қыз-келіншектер  клубының  «Әлем әйелдермен әсем» мерекелік отырысы болып өтті.

Шараға  «Ақ отау» отбасы  орталығы  қоғамдық бірлестігінің төрайымы А. Искалиева, БҚО Ассамблея жанынан құрылған облыстық аналар кеңесінің  мүшесі, еңбек ардагері Б. Губашева,  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің Тілдерді дамыту орталығының аға оқытушысы М.Бимуханова, аталмыш оқу ордасының студенттері қатысты.

Мерекелік  шара  облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының  оқушыларының «Аналарға арнаймыз!»  әдеби композициясымен басталды. Шара барысында  «Ақ отау» отбасы  орталығы   қоғамдық бірлестігінің төрайымы   А. Искалиева облысымыздың әйелдер қауымы  түрлі  салаларында қызмет атқарып,  мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға және отбасы саясаты мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге белсенді үлес  қосып  отырғанын атап өтті. Сонымен бірге шара қонақтары  Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, клуб мүшелерінің  орындауда  әндермен жалғасты. Мерекеге  орай  «Әйел - ару, әйел - жар, әйел - ана әлемге»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

рисунок

рисунок

рисунок