рисунок

«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының А.Н.Островский атындағы драма театры» МКҚК жаңа басшысы тағайындалды

Какойло Ирина Ивановна 1966 жылы 23 маусымында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келді.

Мәдени демалу жұмысы және көркем шығармашылығын ұйымдастыру және де бойынша 2002 жылы Даулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын аяқтаған. Құқықтану мамандығы бойынша 2006 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тамамдаған.

Жұмыс жолын 1985 жылы Орал қалалық мәдениет бөлімінде инспектор лауазымынан бастаған. 1985-1986 жылдары қалалық мәдениет бөлімінің Автоклуб меңгерушісі қызметін атқарған. 1986 жылдан бастап Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде испекторы, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі күнге дейін Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болған.

2014 жылмен «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған.