рисунок

4 сәуір күні  облыстық арнаулы кітапханасында Халықаралық балалар кітап күніне орай «Кітап арқылы әлемді танимыз» әдеби квест өткізілді.

Шараға облыстық көру қабілеті бұзылған  балаларға арналған арнаулы мектеп – интернатының және А.Тайманов атындағы №34 мектеп –гимназиясының бастауыш сынып оқушылары қатысты.  Шара «Кітап – біздің досымыз» атты көрінісімен  басталып,  кітап күнінің тарихына тоқталып, дат жазушысы Г. Андерсеннің ертегілеріне саяхат жасалып, сонымен бірге қазақ ертегілері, батырлар жыры туралы қойылған «Ұлы дала батырлары» кітап  көрмесімен таныстырылды. Шара соңында балалар кітапхана жанындағы «Қуыршақ театрының» «Алдар көсе мен хан» қойылымын тамашалады.

рисунок

рисунок

рисунок