рисунок

2019 жылдың 10 сәуір күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Қанат Ахметовтың басқаруымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің «Ұлы дала шерткен сыр» атты концерттік бағдарламасы өтті.

Шараның мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет»  атты арнайы жобасының аясында елімізде қазақстандық мәдениетті танымал ету, шығармашылық зиялы қауымды қолдау, өлкеміздегі бірегей кәсіби шығармашылық ұжым - Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің қызметін насихаттау, «Жастар жылы» шеңберінде жас ұрпаққа музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің үлгісін көрсету. Концерттік бағдарлама дирижер Қанат Ахметовтың басқаруымен эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Құрманғазының «Сарыарқа» мен «Балбырауын», Сыдық Мұхамеджановтың «Шаттық» күйлерін және А.Қоразбаевтың «Сары дала» әнін домбыра аспабында  Ақылбек Бектасов, Халық әні «Илигай», А.Зацепиннің «Песня о весне» әнін Ақсұлу Жұмалиева, С.Бәйтерековтың «Кішкентай» әнін флейта аспабында Владимир Шутарев, Н.Тілендиевтің «Құстар әнін» Айбар Хайырханов, Б. Оралұлының «Менің күнім» әнін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова және Айбар Хайырханов, Е.Үсеновтың «Күзгі әуен» күйін Мөлдір Жалмұхамбетова, Е.Брусиловскийдің «Шегенің ариясын» және Жаяуның Мұсаның «Ақсиса» әнін Ернар Өмірәлі, С.Бәйтерековтың «Балапан» әнін Надежда Ильминева, Құрманғазының «Төремұрат» күйін Ақсамал Қанатқалиева, Н.Тілендиевтің «Махамбет» күйін БҚО әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Бір бала» халық әнін Жаңылсын Хасанова, Н.Тілендиевтің «Жекпе-жек» күйін Ақылбек Бектасов, Т.Сарыбаевтың «Наурыз-думан» әнін Жаңылсын Хасанова мен Ақылбек Бектасов (домбыра) көрермен қауымға өнерлерін паш етті. Есімі әлемге әйгілі біртуар өнер иесі, профессор, дирижер Қанат Ахметовтың шебер басқаруымен, өлкеміздің танымал өнер майталмандарының қатысуымен және  Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен  ерекше мазмұнды және әсерлі концерттік бағдарлама өнерсүйер қауымның үлкен қошеметіне ие болды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок