рисунок

2019 жылдың 16-сәуір сағат 11.00-де Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазандағы өз Жолдауында 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына орай, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында ұйымдастырылған «Музейстар-2019» атты жобасының кезекті қатысушысы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Білімді жастар – ел болашағы» көрмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Жобаның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  Ғ.Абдоллаұлы, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Сырымқожақызы, Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының бөлім басшысы Р. Сагиналиева, жобаға қатысушы аталмыш жоғары оқу орны ректоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ардагер ұстаздары, оқытушылары мен студенттері, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Жоба мақсаты: Өңірімізде жастарға білім беретін оқу орындарын көпшілік назарына ұсыну арқылы Ақ Жайықтың таңдаулы жоғары және орта оқу орындарын халыққа таныстыру, жастардың бойына өлкенің рухани және мәдени мұрасына қызығушылықтарын арттыру, жастардың білімге, өнерге, тарихқа қызығушылықтарын ояту, жастардың рухани дамып, өсуіне музейдің өзіндік үлесін қосу.

Шара облыс әкімі орынбасары Ғ.Абдоллаұлының алғы сөзімен ашылып, жастар атынан жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығынан А.Сырымқожақызы сөз алып, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің өнерлі студенттерінің ән-шашуларымен жалғасып, кейін қатысушы білім ордасының ректоры А.Мырзахметұлы ұйымдастырылған жобадан күтер үміт зор екенін тілге тиек отыра, музейдің көрме залында жабдықталған университет тарихы мен жетістіктерінен сыр шертер көрмені тамашалауға шақырды. Көрменің салтанатты ашылу рәсімі облыс әкімі орынбасары Ғ.Оспанқұлов пен университет ректоры А.Наметовке ұсынылып,  Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің меңгерушісі Н.Тулеповтің көрмені таныстыруымен жалғасты.

рисунок

рисунок