рисунок

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастырған 12 сәуір күні сағат 18.00-де Нұр Отан залында Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасындағы республикалық вокалистер конкурсының  марапаттау рәсімі және ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимованың «Көктем келді өлеңдетіп» атты концерті өтті.

 Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасындағы ІІ республикалық вокалистер конкурсы өз мәресіне жетті.

Республикамыздың  түрлі өңірлерінен 18 үміткер қатысып,  бақтарын сынады. Қатысушылар XIX-ХХ ғасырлардағы Батыс Еуропалық, орыс, қазақ композиторлардың операсынан толық арияларын, Әшір ағамыздың романсын және оның репертуарында болған шығармаларды орындады.

Нұр Отан залында екі топ жас ерекшеліктері бойынша конкурстың жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды. 

Кіші топ 18-22 жас аралығында

Бас жүлде- Абдышимұлы Айбек (Жезқазған қаласы)

Бірінші орын- Абілхайырова Нұржайнар (Ақтөбе қаласы)

Екінші орын- Аллабиринов Талғат (Нұр-Сұлтан қаласы)

Үшінші орын-Төлеген Аян (Шымкент қаласы)

Үшінші орын –Сұлтан Әділ (Атырау қаласы)

Дипломант-Рызманов Руслан (Қызылорда қаласы)

Дипломант-Ромашов Мұхтар (Түркістан қаласы)

Дипломант-Бақбергенов Думан (Семей қаласы)

Алғыс хат және РҚБ вокал Академиясы атынан арнай жүлде- Меңдіғали Әділғазы

Үлкен топ 23-27 жас аралығында

Бас жүлде- ешкім лайықты емес

Бірінші орын- Нағашыбай Гүлназ (Қызылорда қаласы)

Екінші орын-Тыныштық Бибігүл (Нұр-Сұлтан қаласы)

Үшінші орын- Молдагаинова Ақбота (Орал қаласы)

Үшінші орын-Абдуллаева Жадыра (Нұр-Сұлтан қаласы)

Дипломант- Тынканова Жанна (Алматы қаласы)

Дипломант-Жұмабекова Ботагөз (Өскемен қаласы)

Дипломант-Нұрсұлтанов Дияр (Алматы қаласы)

Марапаттау рәсімінен конкурс қатысушыларының Гала-концерті өтті.

Өлкеміздің бұлбұл әншісі, табиғи талантымен талай жұртшылықты тамсандырған, ҚР Еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимованың «Көктем келді өлеңдетіп» атты концертімен жалғасты.

Кеште Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы сөз сөйлеп, Жұмағаным Әбдіхалыққызына  облыс әкімінің атынан Алғыс хат табыс етті.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок