Режиссерлік жұмыс – белгілі бір көркем идеялық ойға құрылған, хореограф, суретші, сценаристердің шығармашылық еңбегі, эстетикалық тұрғысынан біріктірілген, біртұтас үлкен өнер туындысы. Осыған орай, мәдени іс-шаралардың идеялық мазмұнын бұқара халыққа жеткізу, кәсіби біліктілік, шеберлікті шыңдау, тәжірибе алмасу және заман талабына сай өзін-өзі дамыту форматын жаңарту мақсатында 2019 жылдың  сәуір айының 18-22 күндері облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен халықтық театрлары мен көпшілік шаралардың режиссерлеріне арналған «Кеңістік.Режиссура.Қолтаңба» аймақтық шеберлік сағаты өтеді.    

Арнайы Алматы қаласы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы режиссері Дина Жұмабай және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика және мәдениет факультеті, «Өнер» кафедрасының оқытушысы, Шымкент қаласы әзіл-сықақ және сатира театрының қоюшы режиссері Самат Алтаев қатысады.

рисунокрисунок