рисунок

2019 жылдың 16 сәуір күні облыстық арнаулы кітапханада    «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы»  тақырыбында кездесу кеші өткізілді.  Шараға Батыс Қазақстан облыстық  дін басқармасының теолог маманы  Н.Убаев қатысты.

Кездесу барысында Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мәселесі туралы  жан-жақты түсінік берілді. Сонымен  бірге  «Қазақстандағы діни ағымдар», «Жат ағым  жарға жығады» бейнеролик  көрсетілді.  Шараға «Діни экстремизм ғасыр дерті»  атты кітап көрмесі жасақталды.

рисунок