рисунок

2019 жылдың 19 сәуір  күні  Тасқала ауданында Батыс Қазақстан облыстық  зағип  және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы және  «Қазақ соқырлар қоғамы» БҚО филиалы ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолымен»  жобасы  аясында Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тасқала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, «Жүректен жүрекке»  бағдарламасы ұсынылды.

Сонымен қатар шара барысында «Туған жерін ән – жырымен тербеткен», «Сәулелі нұр әкелуші» атты кітап көрмесі жасақталып, көрермендерге таңыстырылды.  Көрмеге туған өлке туралы кітапхана қорынан алынған белгілі ақын – жазушылардың  Қ. Мырза  Әли,  А. Нәріков, Ғ.Сейтақтың  және тағы басқа ақындардың шығармалары, арнаулы форматтағы әдебиеттер, тифлоқұралдар қойылды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок