рисунок

19 сәуір күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы»  тарауы және «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған қазақтың ән, күй, жыр, терме сияқты асыл құндылықтарын кеңінен дәріптеу, мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, ұлттық аспап - домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалі оздырылды.

Бабалардың қасиетті өнері ұлықталған шараға есімі елге танымал жыр-термешілер: А.Алматов, Ж.Омаров дәстүрлі әншілер: Е.Рысқали, Ш.Дәржанова, Г.Сарина, күйші Б.Мықтыбаев және Батыс Қазақстан облысының жас өнер шеберлері қатысып, көрерменді бір серпілтті.  Өнерпаздардың ғана емес, көрерменнің де рухы көтерілді, патриоттық сезімі күшейді.

Ұлттық өнердің тұғыры биік болсын!

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок