рисунок

Талантты балаларды анықтау, өнер жолына  жол ашу, шығармашылық  қабілеттерін дамыту, жас талант иелерінің  есімдерін таныту мақсатында дәстүрлі облыстық «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық  шығармашылығы  орталығының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында   24 сәуір – танысу, 25 сәуір -  үміткерлерді  іріктеу кезеңі және жеңімпаздардың Гала концерті  өтті.

Фестиваль 5 аталым бойынша: эстрадалық вокал, хореография,  халықтық музыка (домбыра), домбырамен ән салу, жыр айту, поэзия оздырылды.

Бойында табиғи таланты бар, өнерге құштар балғындарға арналған фестивальге облыс аудандары мен қаламыздан 220-дан астам үміткер қатысып, бақтарын сынады.

Дарынды балаларды саралайтын қазылар алқасында облысымыздың өнер саласындағы тәжірибелі маман мен білікті оқытушылары: республикалық, облыстық  байқаулардың лауреаты, әнші, сазгер Ербол Ақбасов (төрағасы), республикалық, облыстық  байқаулардың лауреаты, әнші Асланбек Қуаналиев, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның  «Орал сазы» фольклорлық  ансамблінің жетекшісі Асқар Кенжеғали, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның  «Орал сазы» фольклорлық  ансамблінің артисі, Халықаралық, республикалық жыршы- термешілер байқауының лауреаты Фархад Оразов, Құрманғазы саз колледжінің педагог балетмейстері, Халықаралық байқаулар лауреаты, «Салтанат» би ансамблінің жетекшісі Бұлбұл Сапарғалиева, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының бас балетмейстері Қарлығаш Қадырбекова, облыстық «Дала дарындары» байқауының Бас жүлдегері және республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері Ә.Орынбасаровтар төрелік етті.

Оқушылар сарайында байқауға қатысушы аудан, қала намысын арқалап келген үміткерлерге ұйымдастырылған экскурсия, би кеші жарқын көңіл күй сыйлады. Алдымен балалар бір-бірімен танысып, кейін флэшмоб, тренинг және «Фото кросс», «Сурет салу», «Би терапиясы» ойындары ойнатылып, соңында сыйлықтар таратылды.

25 сәуір сағат  9.00-де  жастар шығармашылығы орталығында, №1 музыка мектебінде, облыстық халық шығармашылығы орталығында әр жанр бойынша іріктеу кезеңі өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.

«Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалінің Гала–концерті сағат 17.00-де «Гүлдер» квинтетінің орындауында «Біз Қазақстан балаларымыз» әнімен ашылып, әнші, сазгер  қазылар алқасының төрағасы Ербол Ақбасов балғын балаларды өнер мерекесімен құттықтады.

Қорытынды кеште байқау жеңімпаздары таланттарын өнерсүйер жұртшылыққа паш етті.  Өнерге құштар  балаларға  қазылар алқасы, жүлделі орындар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Жанрлық аталымдар бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:

Халықтық музыка (домбыра)

І орын- Аиша Жанайдарқызы     /Орал қаласы/

ІІ орын- Диас Джумабаев    /Шыңғырлау ауданы/

ІІ орын- Жансая Сабитова    /Казталов ауданы/

ІІІ орын- Ералы Таупих     /Теректі ауданы/

ІІІ орын - Нұрдәулет Қайсағали   /Бөкей ордасы ауданы/

ІІІ орын - Аружан Қабесова      /Орал қаласы/

Дипломанттар

  1. Азат Қадырғали /Ақжайық ауданы/
  2. Данат Даулетұлы /Жаңақала ауданы/
  3. Алишер Мұхамбетов /Орал қаласы/

Хореография

І орын-«Айдарын» би тобы    /Ақжайык ауданы/

ІІ орын- Үлгілі «Нұр-ай» би ансамблі   /Бәйтерек ауданы/

ІІ орын- «Гүлім» би тобы    /Казталов ауданы/

ІІІ орын- Үлгілі«Сымбат» би ансамблі   /Бөкей ордасы ауданы/

ІІІ орын-«Қызғалдақтар»би тобы    /Сырым ауданы/

ІІІ орын-«Көзайым» би тобы    /Жәнібек ауданы/

Дипломанттар

  1. «Жұлдыздар би тобы» /Бөрлі ауданы/
  2. Халықтық «Дарюшка» би ансамблі  /Бәйтерек ауданы/
  3. «Сымбат» би ансамблі /Жаңақала ауданы/
  4. «Назерке» би тобы /Теректі ауданы/
  5. «Нұрай» би тобы /Шыңғырлау ауданы/

Эстрадалық вокал

І орын-Бисенғали Ералы, Бекқайыр Сезім  /Теректі ауданы/

ІІ орын- Асылай Әділетқызы, Шәкен Нурикамал, Ғилым Бибатим   /Ақжайык ауданы/

ІІ орын- Жақсыбай Гүлім, Исатай Шұғыла  /Орал қаласы/

ІІІ орын- Қуанғали Әскербек,Өмірсерікұлы Нұрислам,Сабыров Ерасыл /Жаңақала ауданы/

ІІІ орын- Какимова Ақерке, Уахит Нұрсұлтан   /Жәнібек ауданы/

ІІІ орын -Айсәуле Талғатқызы, Гүлбаһар Хасан   /Казталов ауданы/

Дипломанттар

  1. Сезім Хамидолла, АйбибіАмангелдиева, Күнбөбек Саясатова /Бөкей орда ауданы/
  2. Еркенова Аэлита, Сұлтан Ерхан, Кәкім Нұрсезім /Бәйтерек ауданы/
  3. Ранида Рахымжанова, Кәусар Орынбай /Сырым ауданы/
  4. Сәкен Берікұлы, Әділова Венера /Қаратөбе ауданы/
  5. Совет Айнара, Әділ Ақбота /Шыңғырлау ауданы/

Домбырамен ән салу, жыр айту

І орын- Төлес Төлегенов    /Сырым ауданы/

ІІ орын- Арман Лұқпанов    /Қаратөбе ауданы/

ІІ орын- Азат Алмасұлы     /Жаңақала ауданы/

ІІІ орын- Айзере Мереке     /Сырым ауданы/

ІІІ орын- Аружан Ишанова     /Бөкей ордасы ауданы/

ІІІ орын- Жайықов Нұрдәулет     /Орал қаласы/

Дипломанттар

  1. Назкерім Сәкенқызы /Ақжайық ауданы/
  2. Әсел Сағидоллақызы  /Бөкей ордасы ауданы/
  3. Саят Ерешов /Казталов ауданы/
  4. Аружан Мұратханова /Орал қаласы/
  5. Нұрлан Ақбота /Орал қаласы/

Поэзия

І орын - Нұршат Мұханбеткалиева    /Бөкей ордасы ауданы/

ІІ орын - Қуанышев Дәурен     /Ақжайық ауданы/

ІІ орын - Қабиболла Бейбарыс     /Орал қаласы      /

ІІІ орын - Ақбота Құспанова    /Қаратөбе ауданы/

ІІІ орын- Балжан Сұлтанова    /Шыңғырлау ауданы/

ІІІ орын – Даянна Тоқтасын   /Бөрлі ауданы/

Дипломанттар

  1. Камила Уразгалиева /Орал қаласы/
  2. Ақбота Қайырова /Сырым ауданы/
  3. Айнара Ермекова /Жаңақала ауданы/
  4. Қадырәлі Қайыров /Теректі ауданы/
  5. Ұлпан Сағынғалиева /Жәнібек ауданы/

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок