рисунок

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Жастар жылы аясында Халықаралық би күніне арналған 29 сәуір күні сағат 1.00-де Тұңғыш Президент алаңында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы би ұжымдарының «Биле, JASTYQ» кең ауқымды акциясы оздырылды.

Акция мақсаты - хореографиялық өнерді кеңінен насихаттау, шығармашылықты дамыту, бишілердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру, талантты жастарды би өнеріне тәрбиелеу.

Ең алдымен бір мезгілде бірге  1500 биші «Бастау» тобы әуеніне мың бұрала билеп, көрерменге әсемдік пен әдемілікті танытты. Одан әрі облыстық мәдениет басқарма басшысы  Қ.Мұсағалиев құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімі А.Көлгінов атынан 15 би ансамбль  жетекшісін Алғыс хатпен және  өз атынан 20 би ансамбль жетекшісін, бірнеше балетмейстер-хареографтарды өнер, білім, дамыту шығармашылық орталығының «Мәдениет майталманы», «Өнер саласының үздігі» төсбелгілерімен  және «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы А.Батырханов «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Р.Көжекешованы марапаттады. Сонымен бірге «Салтанат» би ансамблі /жетекшілері Б.Сапарғалиева, М.Таңатова/ «Жайдарлы жастар», «ККК» би студиясы /жетекшісі Қ.Қадырбекова/ «Хорезм бүлдіршіндері», «Шұғыла» би ансамблі  /жетекшісі Г.Сүндетова/ «Қыр басында қыз ойын» және халықтық «Ақжайық», үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблі бірлескен /жетекшілері Ә.Давлетова, Р.Көжекешева/ «Ақжелең» билерін тарту етіп, жиналған жұртшылыққа  ерекше әсер қалдырды.

Киелі өнер тұғыры әрқашан биікте болсын!

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок