рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында әр ұлт өкілдері арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға, балалар мен жасөспірімдер арасында өзге ұлттар мен ұлыстардың әдебиеттерін насихаттап, танытуға бағытталған «Кітап – достық көпірі» атты ұлттар (украин) әдебиеті облыстық байқауының жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Байқауға облысымыздың түкпір-түкпірінен 150-дей жас оқырмандар қатысты.

рисунокрисунок