рисунок

Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының көрме залында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Тұңғыш Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көрсетілген құндылықтарды дәріптеу мақсатында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің оқытушылары мен студенттерінің сурет және қолөнер шеберлері көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш көрмені Қадыр орталығы директорының орынбасары М.Сабыров ресми ашып, университет оқытушылары мен студенттерінің сурет және қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастыруға, олардың туындыларын халық назарына ұсынуға жан-жақты қолдау білдіргені үшін БҚМУ-нің  ректоры Н.Серғалиевке Алғыс хат табыстады.

Шара барысында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер Одағы БҚО филиалының төрағасы Қ.Оразғалиев және ҚР Мәдениет саласының үздігі, суретші Қ.Мәдір сөз сөйлеп, көрмедегі қойылған өнер шеберлерінің туындылары жөнінде өз пікірлерін білдірді. Көрмеге келген қонақтар мен өңіріміздегі оқу орындарының студенттері білім ордасының қолөнер шеберлерінің туындыларынан жасақталған көрмені тамашалады.

рисунок

рисунок

рисунок