рисунок

Тұңғыш рет "Өнер барысы" палуандар сайысының қалалық ашық турнирінің өтуіне БҚО Қазақ күресі федерациясы, Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен БҚО Мәдениет басқармасы,Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы мұрындық болды.

"Өнер барысы" белдігі екі салмақ категориясы бойынша сарапқа салынды. 70 келіге дейінгі жеңіл салмақта 18 өнер иесі белдесіп, ақтық сында Сырым ауданы атынан шыққан Бауыржан Бискалиев (лақап аты - Байбақты барысы) жауырыны жерге тимей жеңімпаз (І орын) атанды.

ІІ орын - Сырым ауданы палуаны - Хайруллин Бекболат (Қособа барысы);

ІІІ орын және "Үздік техника" номинациясы - Бөкей ордалық Асхат Қален (Орда баласы);

"Жеңіске деген жігерлігі үшін" номинациясы иегері - Бәйтеректік Естеміс Мұқамбетов (Мұзбалақ);

"Жас палуан" номинациясы Сырымдық Мейірбек Қанатовқа (Көк бөрі) бұйырды.

70 келіден жоғарғы салмақта 23 білекті жігіт қатысып, ауыр салмақтылардың арасында бәсекелестік жеңіл өткен жоқ. Бұл салмақта Бөрлі ауданы атынан шыққан палуан Бақытжан Тәуекел                    (Алаша барысы) І орын "Өнер барысы" атанды.

ІІ орын - Ақжайық ауданының палуаны Шәмелов Дәулет (Дәу бала);

ІІІ орын - Казталов ауданының палуаны Маусымов Жігер (Кердері).

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок