Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында   1 маусым  - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  жазғы «Алақай жаз!» бағдарламасының ашылуы өтті.

Шараға  А.С.Макаренко атындағы  №6 мектеп  жанындағы демалыс лагерінің балалары  және БҚО  татар этно- мәдениет бірлестігінің  жастар клубы мүшелері қатынасты. Жастар клубының мүшелері балаларға  концерттік бағдарлама ұсынды,,одан әрі балаларға   кітапхана  бөлімдерінде  танымдық викториналық ойындар,кітап көрмелері, қуыршақ театрының қойылымдары,қызықты ойындар  және би жарысы өткізілді. Барлығы 160 адам  қатынасты.

12 маусым күні өткен пресс сағатында мерзімді басылым беттерінде жарық көрген «Адамгершілік – тәрбие мектебі»  тақырыбында жазылған мақалаларға шолу жасалып, кітапхана қызметкерлеріне адамгершілік қасиет, адалдыққа тәрбиелеу бойынша мәлімет берілді. Сондай-ақ жастарды жат қылықтан аулақ қылып, терроризмнің теріс жақтары туралы мақалаларға шолу жасалып өтті. Мұндай ақпараттың жас ұрпақ үшін пайдасы зор.