рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Алақай, жаз!» жазғы бағдарлама аясында «Ұстазым - мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» тақырыбында Білім және Ғылым министрінің «Құрмет» грамотасының иегері, ардагер-ұстаз Пұсырманов Социал Жүркейұлының 75 жылдық мерейтойына арналған кездесу кеші өтті.

Кездесуге №37 мектеп оқушылары қатысып, мәртебелі қонағымызға өмір және еңбек жолдарына байланысты сұрақтар қойды, әннен шашу шашып, ақынжанды ұстаздың асқақ рухты Жұбан ақынға арналған арнау өлеңдерін жатқа айтып, өз құрметтерін білдірді.

рисунокрисунок