рисунок

Республикалық «Үкілі домбыра» байқауларының жүлдегері, домбыра жасау шебері, күйші Едіге Нәбиевтің «Өрісті өнер өнегесі» шығармашылық кеші

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 20 маусым күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Үкілі домбыра» байқауларының жүлдегері, күйші, домбыра жасау шебері Едіге Нәбиевтің шығармашылығына арналған «Өрісті өнер өнегесі» кеші оздырылды.
Алдымен «Өрісті өнер өнегесі» кітабының тұсауы кесіліп, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов құттықтау сөз сөйледі. Одан әрі кештің арнайы қонағы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы сыйлықтың және Қазақстан білім берудегі, ғылымдағы жетістігі үшін А.Байтұрсынов «Алтын», Ы.Алтынсарин атындағы медальдарының иегері, профессор Кәрима Сахарбаева сөз тізгінін алып, шараны жүргізді.
Шара барысында кеш иесінің орындауында халық күйі «Ақсақ құла», Әлікей «Қоңырала», Махамбет «Шілтерлі терезе», Қазанғап «Қаратөс», Ақбикеш «Айнам қалды», Соқыр Есжан «Қош,аман бол, Ақбикеш», «Соқыр Есжан», Құрманғазы «Айда, бұлбұл, Айжанай», Ерғали Есжанов «Қоштасу», Құрманғазы «Жәмилә», Дәулеткерей «Көркем ханым», «Жеңгем сүйер», «Аңшылық», сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Қ.Бердіғалиев халық әні «Шымыр», ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Е.Қазиев Құрманғазы «Терісқақпай», Дина «Байжұма», П.Ищенко «Шалқыма», Е.Молдабеков «Қайран, Нарын», Ф.Оразов «Шернияздың термесі», Е.Ғұбайдуллин халық күйі «Кербез Ақжелең» ән-күйлерімен көрерменді бір тебірентті.

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиал жетекшісі А.Кенжеғалиев Күйшілер одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің куәлігін, Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.Батырханов "Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттаса, К.Сахарбаева "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры" атағымен құттықтап, диплом табыс етті.

Исі қазақтың рухани азығына айналған күй күмбірі биіктей берсін!

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок