рисунок

Ашық аспан астында өткен аталмыш шара биыл үшінші жыл қатарынан қала тұрғындарын қазақтың маңдайына біткен ұлы ақынның жырларымен көңілін сусындатты.

Өлеңдерін еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін жатқа айту - Қадыр ақынның ғана еншісіне бұйырған ақындық бақыт. Бүгін тағы бір мәрте осы айтылған сөздің куәсі болдық.

Ең кішкентай қатысушымыз 3 жасар бүлдіршін, ең үлкен қатысушымыз 80 жастағы ақсақал болды. Себебі, төрт пен сексен жастың арасында қанша оқырмандар жыр оқыды. Әуелеп әндер шырқалды. 

Әсіресе, күні кеше ғана әлеуметтік желі арқылы сіздерге таныстырған мүмкіндігі шектеулі болса да "сегіз қырлы, бір сырлы" жас талант Тұрарбек Марат та ақын сөзіне жазылған әнді орындап, ерекше әсерде қалдырды.

Кешті орталық директоры Б.Халиолла ашып беріп, кеш соңында басшымыздың атынан қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок