рисунок

4 шілде күні Нұр – Сұлтан қаласының туылған күніне орай  облыстық арнаулы кітапханаcының ұйымдастыруымен «Нұр-Сұлтан– бақыт мекені!» атты мерекелік шара өткізілді. Шара шымылдығын   «Елорда – елімнің жүрегі!» әдеби композициясымен «Тұлпар»  бөбекжайының  бүлдіршіндері және кітапхананың жас оқырмандары ашты.

Шара барысында «Нұр – Сұлтан татулық пен бейбітшілік ордасы» деген атпен ұлттар достастығын ту еткен әр ұлттың  ұлттық билері биленіп, әсем шаһар туралы әндер шырқалды.

Нұр – Сұлтанның тарихи мазмұны мен әсем келбетіненсыр шертетін кітапхана қорындағы тактильді жайпақ – баста және брайль қарпіндегі кітаптардан «Көркейе бер, Нұр-Сұлтан!» кітап көрмесі жасақталды.

рисунок

рисунок

рисунок