рисунок

Шара барысында көпшілікпен бірге домбырашы, зейнеткер Өтеген Жұмашев ағамыз бен күйші, домбырашы Ұлмекен Батырова Қадыр ақынның ескерткішіне гүл шоғын қойды.

БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев шараны ресми ашып, өнер сүйер ағайынды құттықтады.

Күй тартылып, дәстүрлі әндер орындалды.

Мерекеге орай «Күйшілер Одағы» БҚО филиалының төрағасы А.Кенжеғалиев «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, дәулескер күйші Е.Қазиев пен добырашы, зейнеткер Ө.Жұмашевқа «Күйшілер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р.Нүркеновтың атынан «Күйшілер Одағына» қабылданғаны жөнінде мүшелік куәлігін табыстап, күйші, домбырашы Ұ.Батырованы Құрмет Грамотасымен марапаттады. Өнер иелеріне құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды. 

Тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын жүзеге асыру мақсатында қазақтың дәстүрлі музыка мәдениетін насихаттауға бағытталған «Күйшілер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының «Күйшілер бөлмесінің» ашылу салтанатында тұсаукесер рәсімін жасау құрметі БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев пен «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, дәулескер күйші Е.Қазиевке берілді.

Қали Жантілеуовтің туған жиені Төлеген Қайырғалиұлы ашылып отырған «Күйшілер бөлмесі» болашақта жемісін беріп, аталмыш бөлмеден Құрманғазы, Сейтек, Дина, Дәулеткерей секілді дәулескер күйшілер шығуын Алладан тілеп, ақ батасын берсе, Ұлмекен анамыз шашу шашты.

Жаңадан жасақталған күйшілер бөлмесін «Күйшілер Одағы» БҚО филиалының төрағасы, күйші А.Кенжеғалиев таныстырды.

Мерекелік шара орталықтың концерт залында жалғасын тапты. Өңіріміздің күйшілеріне, демеушілерге «Күйшілер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р.Нүркеновтың атынан Құрмет Грамоталары, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Б.Халиолланың атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлақтар табысталды.

Мерекелік шарада күйші А.Кенжеғалиевтың шәкірттері күйден шашу шашып, көрерменнің қошеметіне бөленді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок